Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жүк көлігі 16 бас ұсақ малды қағып кетті

СҚО-да жүк көлігі 16 бас ұсақ малды қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1624 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жол төсемінде жануарлардың болуы себебінен – 1077.

Мәселен, 3 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Белеградовка – Жаңаесіл аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жүрген ұсақ малмен соқтығысудың алдын алу үшін шұғыл тежеу қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 16 бас ұсақ малды қағып кетті.

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады.

Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Теміржолдарға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру