СҚО-да жыл басынан бері 60-қа жуық адам жоғалған
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 58 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу – полицейлердің көптеген бөлініс күштерін жұмылдыруды талап ететін жұмыс желісі. Әр фактіні криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесе учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер тексереді, қоғамдық тәртіпті күзететін полицияның кешенді күштеріне бағдарлар түседі. Іздестіру іс-шараларының тәртібі жағдайларға, жоғалған адам туралы қолда бар мәліметтерге байланысты болады. Мәселен, Қызылжар ауданының тұрғынын іздеуге ТЖД қызметкерлері белсене қатысты. Жоғалған адамның диагнозы ауыр екендігі белгілі болды, сол себепті ойламаған жерден оқыс әрекет жасауын жоққа шығармай, полицейлер мен құтқарушылар елді мекендерді, орман алқаптарын, өзен-көлдерді, тоғандарды қарады. Абырой болғанда, ер адам Петропавлдың шетінен дін аман табылып, мазасызданған ата-аналарына тапсырылды.
Полицейлердің тәжірибесі маусымның жылы кездерінде алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғалардың жоғалуы жиілейтінін көрсетеді. Бұндай жағдайда із-түссіз жоғалғанды іздестіру кезінде назар, ең алдымен, әдеті ұқсас таныстарына аударылады. Сонымен қатар, көңіл-көтеру орындары, жалдамалы пәтерлер тексеріледі. Петропавл қаласының 20-шағын ауданындағы үйінен кеткен 38 жастағы әйел дәл осындай әдіспен іздестірілді. Анасы қызының жоғалуы туралы хабарламас бұрын келеді деген оймен бір айға жуық күткенін мойындайды, кейін полицияға жүгінген. Із-түссіз жоғалған ішімдіктен өзін шектемей, бұған дейін де үйінен кетіп қалып отырған. Полицейлер 6 күн бойы іздеу жүргізіп, әйелді қаланың басқа ауданындағы құрбысының үйінен табады. Әйел оның анасы полицияға жүгінгеніне аң-таң болады, ол өзінің бұл әрекетін қалыпты жағдай деп санайды.
– Із-түссіз жоғалғандарды жақындарына алаңдатушылық тудырамын деген ой мүлдем мазаламайды, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. — Жасөспірімдер достарының үйінде түнеуге қалатыны туралы ата-аналарына хабарласпай, телефондарын сөндіріп қояды. Ересек адамдар туыстарының мазасыздануын елемей, бөтелкелестерімен бас қосқанды тәуір көреді. Жыл басынан облыста тұрғындардың із-түссіз жоғалуының 58 фактісі тіркелді, оның 16 ішімдікті асыра пайдаланатындар (тоғыз ер адам және жеті әйел). Барлық жоғалғандар іздеп табылды, оның ішінде кезекшілік еткен тәулікте 47 адамды табу мүмкін болды.