Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан бері тыйым салынған әдебиеттерді елге әкелудің 6 фактісі тіркелді

СҚО-да жыл басынан бері тыйым салынған әдебиеттерді елге әкелудің 6 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері діни сипаттағы ақпараттық материалдар мен заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), рухани (діни) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады. Соңғыларына діни әдебиеттерді сатуға рұқсат етілген дүкендер жатады.

Облыста осындай 16 дүкен бар. Әдебиеттер мен ғибадат заттарын сатуға, ғаламтор арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде діни ақпаратты таратуға тыйым салынады.

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері облыста 18 діни заң бұзушылық анықталғанын хабарлайды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясының Қорған облысымен шекарадағы “Жаңа жол” бақылау-өткізу пунктінде өзге ел азаматтарының шетелдік уағызшылардың тыйым салынған діни кітаптарын әкелуінің 6 фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру