Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан қызметтік-іздестіру иттері 546 қылмысты ашуға көмектесті

СҚО-да жыл басынан қызметтік-іздестіру иттері 546 қылмысты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД-ның балансында 51 қылмыстық-іздестіру иті бар. Неміс және бельгиялық овчарка, лабрадор, спаниельдер полицейлердің жұмысына көмектеседі. Оларды жұмыстың бірнеше бағыты – айдауылдау, із алу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу бойынша жаттықтырады. Иттердің ең жасы – орыс аңшылық спаниелі екі жасар Гретта. Ол облыста анықталған барлық есірткі түрлерін іздеуге үйретілген. Қызметте ағымдағы жылдың сәуір айынан қолдануда, жетістіктері де бар. Бүгінде Гретта 5 рет қолданған, барлығы да нәтижелі. Оның иіс сезгіштігі арқылы алынған заттардың ішінде 50 кг марихуана, 12 гр. гашиш, 286 гр. синтетикалық есірткі де бар.

– Жалдамалы пәтерді тінту кезінде Гретта күдікті темекі тұқылымен күл салғыштың ішінде жауып жасырған «зиплок» пакетіндегі синтетикалық есірткіні тапқан. Бөтен иістер – иттің иіс алуына әсер ететін фактор, алайда Гретта орынды нақты көрсеткен, – дейді итпен жұмыс істейтін инспектор-кинолог Александр Борисенко.

СҚО ПД Кинологоиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаевтың айтуынша, жыл басынан есірткіні, негізінен синтетикалық есірткіні іздеуге полицияның төрт аяқты көмекшілері 10 рет қолданылған.

Жалпы 9 айдың ішінде қызметтік-іздестіру иттерді қолдану 546 қылмыстың ашылуына септігін тигізді. Олардың жартысына жуығы – 234-і ұрлық болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру