Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан жол жүрісі қағидаларының 2687 бұзушылығы тіркелді

СҚО-да жыл басынан жол жүрісі қағидаларының 2687 бұзушылығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының басынан облыста жол жүрісі қағидаларының 2687 бұзушылығы анықталды. 346 жүргізуші жылдамдықты асырған, 277 адам қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған. Көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізгені үшін 51 автокөлік иесіне айыппұл салынды. Көлік жүргізу кезінде 120 жүргізуші телефонмен сөйлескен, 215 жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, жол жүрісі қағидаларын бұзған.

Қаңтардың 31-і сағат 17:30 шамасында Петропавлда Я.Гашек көшесінде Lada автокөлігі тоқтатылды. Көлік тізгінінде 38 жастағы қала тұрғыны отырған. Тексеріс жүргізу барысында ер азаматтың бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды, бұған қарамастан ол көлікті басқаруды жалғастырып келген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

– Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 19 қаңтардан бастап облыста өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс атқаруда. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол үстінде сақ болуға болуға және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қаңтар айының басынан СҚО-да 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан алты адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру