Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жылқылар мен қойлар жүк көлігінің астында қалды

СҚО-да жылқылар мен қойлар жүк көлігінің астында қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуір күні Петропавл шетінде төрт түлік малдың қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға шамамен кешкі сағат жетілер шамасында қала сыртындағы айналма жолдың Лесхоз кентіне бұрылыс маңында болған екен. Бақташының қарауындағы үй жануарлары табыннан бөлініп, жолға шығып кеткен. 2 жылқы мен 6 қой дәл осы уақытта жолда жүйткіп келе жатқан 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы КамАЗ-дың астына түсіп, мерт болған. Автокөлікке механикалық зақымдар келтірілді.

Аталған фактіге қатысты петропавлдық полицейлер КР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жанураларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материал жинады.

– Жыл басынан облыста жануарлардың қатысуымен 4 жол апаты орын алды. Көлік тізгіндеген жүргізушілер мен жол қозғалысының қатысушыларынан жолдарда абай болуларын сұраймыз. Ескертетін жол белгілері, жануарлардың макеттері орналасқан жерлерде жылдамдықты азайтып, айналаны назарда ұстаған абзал. Сонымен қатар, қараусыз қалған малдардың қауіп төндіретінін ескертеміз. Олар жол-көлік оқиғасына себепші немесе әлдебіреулердің олжасы болып мүмкін, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру