СҚО колониясына 11 телефонды алып өтпек болған азамат жауапқа тартылды
СҚО колониясына 11 телефонды алып өтпек болған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінің қызметкерлері төтенше қауіпсіздік колониясының аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекетін тоқтатты. Көлікті бақылап өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу барысында қызметкерлер қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып, мекеме аумағына ағаш тақтайшаларды әкелген көлікте екі түбі бар металл бөшкеде жасырылған 11 телефон тауып, тәркіледі.
Тыйым салынған заттар рентген-телевизиялық қондырғы арқылы металл бөшкені тексергеннен кейін фото кестені зерттеу барысында табылды.
Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін одан әрі сотқа жібере отырып, материалдар жинау жүргізіліп жатыр.