СҚО-ның екі тұрғыны табылған тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды
СҚО-ның екі тұрғыны табылған тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны Айыртау ауданында бұрын қайтыс болған туысының үйін жинау кезінде кереуеттің астынан екі ұңғылы мылтықты тапты. Иесінің қаруға рұқсат беру құжаттары болмаған. Ер адам табылған зат туралы дереу полицияға хабарлады. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ендігі кезекте мамандар оны мәліметтер базасы бойынша тексеріп, оның оқ атуға жарамдылығын анықтауы керек. Екі күн бұрын 21 жастағы ауыл тұрғыны ИЖ-17 мылтығын тапсыру үшін Айыртау полицейлеріне жүгінді.
– Екі азамат та заңға сәйкес келді, тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапкершіліктен толық босатылды. Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару әдетте тиісті қауіпсіздік шараларынсыз сақталады. Бұл жазатайым оқиғаның себебі болуы мүмкін, ұрылардың назарын аударып, қылмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Қаруды заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, — деп атап өтті аудан ПБ бастығының міндетін атқарушы Тұрлыбек Жамалиденов.