Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда құрылыста заңсыз жұмыс істеген үш шетелдік азамат анықталды

Екібастұзда құрылыста заңсыз жұмыс істеген үш шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлады Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полициясы М.Жүсіп көшесі, 50 мекенжайында орналасқан құрылыс объектісінде Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған ер адамдар біздің елімізде жергілікті атқарушы органдар беретін жұмысқа орналасуға рұқсат алмай еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталды.

– Шетелдік азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасы азаматының 54 жастағы жұмыс берушісіне қатысты осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша әкімшілік іс қозғалды және 51 мың теңгеден астам  мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, бұл рейдтік іс-шара 2023 жылдың 28 ақпанына дейін жалғасатын “Мигрант” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру