Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның полицейі алдағы Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына қатысады

СҚО-ның полицейі алдағы Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына қатысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкері Батырхан Қайырбек өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын спорттық дайындыққа арнауды шешті. Қызметке нұқсан келтірмей, ол жиынға аттанады – полиция қызметкері алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады.

Полиция капитаны Қайырбек – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің қатарындағы болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің төрт дүркін чемпионы және қазақ күресінен Қазақстан Кубогының иегері, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі құрамасының мүшесі.

Спорттық жетістіктері үшін ол Қазақстан полициясы күніне орай “Қазақстан Республикасының құрметті динамовшысы” медалімен марапатталды. Айта кетейік, республикалық қазақ күресі федерациясынан Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновке ұлттық спорт түрлерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.

Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында мен Қазақстан Республикасы құрамасының құрамындағы жалғыз динамошы боламын. Мен үшін ел мен өз ведомствосының атынан осындай жоғары деңгейде өкілдік ету үлкен мәртебе және жоғары жауапкершілік, – дейді погон таққан палуан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру