СҚО ПД басшылығы жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырды
СҚО ПД басшылығы жоғары сынып оқушыларын қызметке шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылжар және Мамлют аудандарының оқушылары облыстық полиция басшылығымен болған кездесулерде жылдам әрекет ететін арнайы жасақ жауынгерлерінің көрнекі қойылымы мен тосын сый болды.
Жоғары сынып оқушыларына Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова кәсіби бағдар беру тақырыбында әңгімелесті. Ол тәртіп сақшылары қатарында қызмет етудің артықшылықтары: кәсіптің жоғары сұранысқа ие болуы, кепілдендірілген әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамды қылмыстан қорғау бойынша борышын адал атқаратын қызметкерлер үміттене алатын қосымша ақылар туралы айтып берді. Жедел уәкілдер мен тергеушілер, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – бұл жерде Отанға пайда әкелгісі келетін білімді және мақсатты адамдар үшін әрқашан бос орындар бар.
– Жоғары білім – офицерлік атақ алу үшін қажетті шарт. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының курсанттарына мемлекет есебінен жабдықталып, киім-кешек кепілдендіріледі, ал біз өз тарапымыздан түлектерге бос орындарды алдын ала дайындаймыз. Сондықтан да оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Біз қызметке өңірді жақсы білетін, жаңа жерге бейімделу үшін ұзақ уақыт талап етпейтін адамдардың келуіне мүдделіміз, – дейді Андағұлова.
Екі ауданда да Сәуле Андағұлова бірқатар қызметкерлерді, сондай-ақ қызметтік қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлерінің аналарын алғыс хаттармен марапаттады.
Кездесудің көркін қоян-қолтық ұрыс дағдыларын көрсеткен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері көрсеткен өнері қыздыра түсті. Бұл ең жоғары ақы төленетін бөлімшелердің бірі, сондықтан да оның қызметкерлері адамдарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін әрқашан өз өмірлерін тәуекелге салуға дайын.
Полициядағы қызмет өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктерге жол ашады. Бұған сахнада өнер көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Мәдениет орталығының вокалдық тобы дәлел бола алады. Аудандардан келген жоғары сынып оқушыларымен өткен кездесу патриоттық әндерді орындаумен аяқталды.