Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер жолда қалып қойған 20 шетелдікті жатын орынмен қамтамасыз етті

Қарағандылық полицейлер жолда қалып қойған 20 шетелдікті жатын орынмен қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арқаның сарышұнақ аязы күшіне мініп, күннің күрт суытуы жолаушыларды да әбігерге салғаны белгілі. Еліміз бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуына қарамастан, ескертпелерді елемей, жолға шығып, межелі жеріне жете алмай қалғандарға полиция қызметкерлері барынша көмек көрсетіп жатыр.

Мәселен қоғамдық көлік өткен жексенбіде Сарыағаштан жолға шығып, елордаға жете алмай жолда қалған. Автобустағы 20 жолаушы Өзбекстан Республикасының азаматтары екені белгілі болды. Күннің қақаған аязында көліктерінде тоңып, полициядан көмек сұрап, жылынар орын таппай әбігерге түскенін автожолдарға тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары көрді. Бірден, іске кірісіп, автобусты қызметтік көлікпен жетегіне ала жүріп, Осакаров ауданына дейін жеткізіп, оларды жатын орын ішер тамақпен қамтамасыз етті.

Арқаға қыс келгелі полиция қызметкерлері автожолдарда күшейтілген жұмыс режимінде қызмет атқарып жатыр. Ондағы мақсат, жол бойындағы қауіпсіздік, жолаушыларды қауіп-қатерден сақтап, барар жерлеріне аман-есен жетулеріне қолқабыс жасау.

– Жолға шыққанымызға екі күннен асты. Бір күн Балқаш қаласында тұрдық. Бүгін күн ашылды деп жолға шыққанымызда, Теміртау қаласында аязға байланысты жолды жапқанын көріп, сол жерде тұрдық. Бізге полиция қызметкерлері көмектесіп, жылынып, жататын орынымызды тауып беріп жатыр. Ол кісілерге алғысымызды білдіреміз, – деді жолаушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру