Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД мұражайында ерлік сабағы өтті

Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында облыстық және қалалық полиция ведомстволарының жас қызметкерлеріне ерлік сабағы өткізілді. Бұл Солтүстік Қазақстан полициясының тарихынан алынған мысалдар арқылы таңдалған мамандықтың ар-намысы, батырлығы мен адалдығы туралы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу кезекті арнайы атақтарды табыстаудан басталды. Таяуда қызметке кіріскен қызметкерлер СҚО ПД мұражайының қабырғасында полиция лейтенанттары мен аға лейтенанттарының погондарын алды. Музей меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, ерлік сабағы үшін қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицей батырлар мен ІІО қызметкерлеріне арналған стендтер жабдықталған. Жас полицейлер алдында адамдарды құтқарғаны үшін “Ерлігі үшін” медальдарымен марапатталған полиция қызметкерлері Мейірбек Мейрам мен Қанат Фазылов сөз сөйледі.

Құрметті қонақ Солтүстік Қазақстан қылмыстық іздестіруде қызмет атқарған, бүгінгінің аңыз адамы – ІІО ардагері Фарит Бегішев болды. Отставкадағы полиция полковнигі Бегішев жедел жұмыстың барлық сатыларынан өтті, облыстық ІІБ криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымынан зейнет демалысына шыққан. Ол резонанстық қылмыстардың ашылуы туралы, полицияның қазіргі техникалық жабдықталуы сол кездегі қызметкерлер үшін арман болғанын айтып өтті. Ол қызметтің алғашқы күндерінен бастап оны басқарған ең маңызды нұсқаулықпен бөлісті.

– Жұлдыздардың жарқырауы сіздің көзіңізге көлеңке түсірмейтіндей қызмет етіңіз, сонда сіз зейнет демалысына шыққан кезде адамдар жаныңыздан өтіп кетпей, керісінше сіздерген қолып беріп, амандасатын болады, – деді ІІО ардагері.

СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова да сөз сөйледі.

– Ерлік жасау туралы армандаңыздар, қызмет бойынша өсуді армандаңыздар, бірақ ең бастысы — жаныңыздағы әрбір адамға көмектесу туралы армандарыңыз айқын болуы қажет. Бұл сіздің күнделікті жұмысыңыз, егер сіз оны адал орындасаңыз, сіздің жұмысыңыз еш уақытта назардан тыс қалмайды, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру