Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД-ның жылдам қимылдайтын арнайы жасағы 20 жылдық мерейтойын атап өтті

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты жиналыс облыстық полиция ведомствосында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлер мен бірқатар қызметкерлер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бөлімшенің негізгі міндеттері – жедел-іздестіру және криминалдық фактілерді ескерту немесе алдын алуға байланысты өзге де іс-шараларды жүргізу кезінде күштік қолдауды қамтамасыз ету.

Бөлімше қызметкерлері тұрақты жауынгерлік дайындықта: арнайы және дене шынықтыру дайындығын арттырады; кез келген уақытта ең күрделі міндеттерді шешуге қатысуға дайындалады. Сонымен қатар ЖҚАЖ инспекторлары республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі спорттық турнирлерде полицияның намысын үнемі қорғайды.

Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновжеке құрамды құттықтай отырып, ЖҚАЖ қызметкерлері мен ардагерлерге қызметі үшін алғыс айтып, бұл бөлімше ең күрделі міндеттерді шешуде сенімді тірек екенін атап өтті. “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медальдарымен жеке құрамның қошеметімен үш офицер марапатталды.

Полиция департаментінің грамотасымен жеті қызметкер марапатталды. Бөлімшенің бес ардагері алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ қызметтегі жоғары жетістіктері үшін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 60-тан астам инспекторына алғыс жарияланды.

Салтанатты жиын үрмелі оркестр мен облыстық полиция ведомствосының мәдени орталығының вокалдық тобы дайындаған концертпен аяқталды. Барлық мереке күндері облыс полициясының барлық жеке құрамымен қатар, ЖҚАЖ қызметкерлері облыс жерлестері мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру