Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

СҚО полицейлері екі мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері 19 қаңтардан бастап күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Негізгі міндет – жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Қоғамдық орындар ерекше бақылауға алынды. Іс-шара барысында спирттік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін 851 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары алкогольдің көп қылмыстарға себеп болатынын еске салуда. Әсіресе, көлік тізгініне масаң күйде отыратын жүргізушілер қауіпті. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен 20 күнде осындай 52 жүргізуші ұсталды. Заңмен мұндай жүргізушілер үшін әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік басқару құқығынан айыру қарастырылған.

– Іс-шараның басынан облыста барлығы 2200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 177 қылмыс тіркелді. Оның 120-сы «ізін суытпай» ашылды. Бұдан бөлек, жедел-профилактикалық іс-шараның 20 күнінде полиция қызметкерлері 3400-ден астам үй мен пәтер тексерісін өткізді. Басты назарда – жалға берілетін пәтерлер, бос қалған үйлер, саяжай учаскелері мен қылмыстық әрекеттер жасалуы мүмкін орындар. Сондай-ақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау, көші-қон заңнамасының бұзылмауын және азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тыныштыққа әсер ететін құқықтық тәртіптің басқа да аспектілерінің сақталуын бақылау күшейтілді. Өйткені мұның барлығы сервистік полицияның жұмысындағы басым бағыттар болып саналады, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру