СҚО полицейлері 3 күн ішінде 297 адамды қабылдап-тарату орнына жеткізді
СҚО полицейлері 3 күн ішінде 297 адамды қабылдап-тарату орнына жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан полициясының басқа қызметтерінің қолдауымен Петропавлдық жедел уәкілдер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар бойынша ауқымды жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Бұл іс-шараның арқасында қыс мезгілі қарсаңында қалаға қоныс аударатын үйсіз адамдардың едәуір санын анықтауға көмектесті.
Петропавлда полиция қызметкерлері осы санаттағы адамдардың шоғырлануының негізгі орындары ерекше назар аударды. Теміржол вокзалы ауданы, базарлар, сауда үйлері мен стадиондар, жылу трассасы бұл орындар үйсіз адамдардың негізінен мекен ететін орындары болып саналады. Бір күндік жұмыс аясында Петропавл қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 126 адам жеткізілді.
– Жедел алдын алу іс-шарасының 3 күні ішінде 314 жертөле, 203 кәріз люктері, 418 қараусыз қалған үй мен 354 шатыр үйжайы және үйсіздердің пайда болуы мүмкін басқа да орындар тексерілді. Қабылдап тарату орнына 297 үйсіз адам жеткізілді. Жеткізілген тұлғалардың барлығынан саусақ іздері алынып, фото және бейне есепке қойылды. Олардың жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілді. Хабар-ошарсыз кеткендердің тізімдерімен салыстырылды. Қабылдап тарату орнына тұрғылықты жері жоқ санатына жататын 10 адам тізімдік есепке қойылып, орналастырылды, – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.