Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері алты күн ішінде 28 мас жүргізушіні анықтады

СҚО полицейлері алты күн ішінде 28 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да жол қауіпсіздігі бойынша күшейтілген рейдтер 25-30 наурыз аралығында өткізілді. Патрульдік полицияның, учаскелік инспекторлардың және басқа да қызметтердің 400-ден астам қызметкері күш-жігерін жүргізушілердің тәртібін арттыруға, апаттылық жағдайына тікелей әсер ететін ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарының жолын кесуге жұмылдырды. Жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын ұсынбау жатады – мұндай бұзушылықтардың 59 фактісі анықталды.

Сондай-ақ, алты күн ішінде 28 мас жүргізуші анықталды. Олардың бірі Петропавлға ауыл шаруашылығы кәсіпорнының Wolkswagen қызметтік автокөлігімен келіп, ішімдік ішкен. Оны полицейлер тоқтатты. Енді оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының талаптарына сәйкес, оған 15 тәулік қамауға алынып, 7 жылға басқару құқығынан айыру қаупі төніп тұр.

– Бұл жұмыс «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді. Алты күн ішінде облыс жолдарында 2335 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Оның 302-сі рұқсат етілген жылдамдықтан асып кету фактісі, маневр жасау ережесін бұзудың 52 фактісі, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту бойынша 26 дерек анықталды. Көптеген жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуді айыпты деп санамайтынына және қауіпсіздік белдіктерін елемейтініне назар аударамыз. Мұндай жағдайлардың сәйкесінше 195 және 266 фактісі анықталды. Бұл бұзушылықтар ЖКО мен ауыр зардаптардың туындау қаупін арттырады. Автокөлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жұмыс бұдан әрі де тұрақты негізде жүргізілетін болады, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру