Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері балалар мерекесінің құрметіне гала-концерт ұйымдастырды

СҚО полицейлері балалар мерекесінің құрметіне гала-концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құстарға ұя орнату, музейге экскурсия, кинологиялық қызмет пен кавалерия бөлімшесіне бару, сондай-ақ Халықаралық балаларды қорғау күніне орай гала-концерт – облыстық полиция ведомствосында Офицерлер департаментінің әйелдер кеңесінің қолдауымен балаларға арналған қызықты және танымдық бағдарлама ұйымдастырды.

Облыстық полиция ғимараты алдындағы гүлбаққа қараторғайдың үйшіктері мен құсқа жем салатын астаулар сән береді. Балалар жылында жаздың алғашқы күніне оларды полицейлердің ұлдары мен қыздары өз қолдарымен орнатты. Құстардың ұяларын орнату осы күнге ерекше әсер берді. Абаттандыру жұмыстарынан кейін балалар музейге, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығына шағын экскурсияға шақырылды.

– Біз барлық балаларды олардың жарқын мерекелерімен, жаздың алғашқы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Балалалардың болашағы бақытты және алаңсыз болғанын қалаймыз. Барлық балаларды осы іс-шараларға келуге шақырамыз. Бұл күнді есте қаларлықтай қызықты әрі жақсы көңіл-күймен өткізуге тілектеспіз. Біздің іс-шарамыз гала-концертпен аяқталады. Балалар жылы аясындағы осындай сый балалардың есінде мәңгі сақталмақ, ал ең бастысы – полиция қызметінің маңыздылығын, жауапкершілігі мол және қажетті мамандық екендігін жақсы түсінуге септігін тигізеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Кинологиялық қызмет орталығында кіші кинолог полиция сержанты Александр Борисенконың қарамағындағы лақап аты Грета орыс спаниелі, қызметтік-іздестіру иті жаттығу алаңында кедергілерден өту кезіндегі командаларды орындады. Бұл күннің алғашқы бөлігі Полиция басқармасындағы патрульдік полиция батальоны бөлімшесінде аяқталды.

Балалар қызметтік жылқылармен танысты. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жас қонақтарға қаруланған қылмыскерлерді ұстау әрекеттерін көрсетті. Шәй ішіп, дайындықтарын пысықтағаннан кейін облыстық полиция ғимаратында мерекелік күннің ең маңызды сәті – балалардың гала-концерті болды. Оған 6 мен 14 жас аралығындағы 20-дан аса бала қатысты.

Жас әртістер 21 нөмір орындады: өлең оқыды, ұлттық музыкалық аспапта ойнады, ән салып, би биледі. Гала-концерттің қорытындысы бойынша қатысушыларды Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов дипломдармен марапаттады. Осындай мерекелік іс-шаралар өңірдің аумақтық полиция бөліністерінде де өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру