СҚО полицейлері бейнеролик арқылы көліктер көп жүретін жолдың қауіптілігі туралы айтып берді
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әлеуметтік желілерге арналған бейнеролик түсіріп, Астана — Петропавл автожолының авариялық қауіпті учаскелері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл – облыс аумағындағы көліктер ең көп жүретін жол, мұнда жол-көлік оқиғаларының тіркелу қаупі жоғары. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілерді қандай қауіптер күтіп тұрғанын жақсы біледі.
Мысалы, Чапаево мен Астраханка ауылдарының арасында жабайы жануарлар жиі жолға шығады. Содан кейін жүргізушілерді ұзақ бұрылыс күтеді. Кейбіреулер мұнда өзге көліктерді басып озуға тырысады, бірақ мұндай әрекеттер қайғылы жағдайға әкеліп соғатын фактілер көп. Сонымен қатар жайылымдар жолға жақын орналасқан, жол бойында үй жануарларының пайда болу қаупі бар.
Жыл басынан бері Астраханка мен Аралағаш арасында 4 жол апаты болып, 11 адам зардап шекті. Әрі қарай трассада көтерілулер мен түсулер, жаяу жүргіншілер өткелдері, апаттар саны статистикалық жоғары учаскелер бар.
Облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметімен бірлесіп, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері трассаның күрделі бөліктерін видеоға түсіріп, олар туралы толық айтып берді.
– Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында қозғалыс қарқындылығының жоғары болуына байланысты апаттылықпен күрделі жағдай болып жатыр. Жаз мезгілі – демалыс уақыты, адамдар демалысқа, туыстарына, көбінесе бүкіл отбасыларымен бірге барады. Сонымен қатар трассада көптеген транзиттік көлік бар. Бұл бейнеэкскурсия жүргізушілерге біздің аймаққа саяхаттауда көмектеседі деп үміттенеміз. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларына әкелетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз. Оларды қатаң сақтаңыздар, бұл сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіздің ең сенімді кепілі, – дейді СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.
Жыл басынан бері СҚО-да республикалық маңызы бар автожолдарда барлығы 28 жол апаты тіркеліп, 11 адам қаза тапты. 64 адам жарақат алды.