СҚО полицейлері бір тәуліктің ішінде төрт тіркелмеген қаруды тәркіледі
СҚО полицейлері бір тәуліктің ішінде төрт тіркелмеген қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік өңірдің полицейлері азаматтық қарудың айналымымен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын күшейтті. Шілденің 14-і мен 20-сы аралығында облыста «Қару» акциясы жүргізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде облыс аудандарында тегіс ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз сақтаудың 4 фактісі анықталды. Алынған қарулар сараптамаға жіберілді. Заңсыз қарудың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, баппен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.
Полицейлер тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру ғана заңсыз сақтағаны үшін көзделген айыппұл не қылмыстық жазадан босататыны туралы еске салады.
Петропавлдың 63 жастағы тұрғыны полицияға орман ішінен тауып алған тегіс ұңғылы ТОЗ БМ мылтығын тапсырған. Ер адамда екі тіркелген қаруы бар және ол заңнама талаптарын жақсы біледі екен. Тауып алған қаруын бірден Петропавл қалалық Полиция басқармасына алып келген.
– Акцияның мақсаты – жазатайым оқиғалардың және қаруды қолданумен жасалатын қылмыстардың жолын кесу. Сондай-ақ, тіркелген қарудың иелері тексерілуде. Облыс бойынша бұндай 7209 қару бар. Бір күннің ішінде 7 қару иесінен қаруды сақтау ережелерінің бұзушылықтары анықталды, бір адам қайта тіркеу мерзімдерін бұзған. Полицейлер облыс тұрғындарынан заңнаманы қатаң сақтауды және тіркелмеген қару аса қауіпті екенін ұмытпауды сұрайды, – деді СҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.