Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балхашта зейнеткердің құнды заттарын ұрлап кеткен әйел ұсталды

Балхашта зейнеткердің құнды заттарын ұрлап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Балқаш қаласының полиция бөліміне 76 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Белгісіз біреу зейнеткердің 100 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Анықталғандай, жәбірленуші дүкеннен керек жарағын алып болып, үйіне қайтап бара жатқанда оған белгісіз әйел жақындаған. Ол сенімге бірден кіріп, зейнеткерге үйіне дейін заттарын апарып беруге көмегін ұсынады. Үйіне келген жаңа танысына зейнеткер шәй беріп, сый көрсетеді. Әйел кетеді. Алайда біраз уақыт өткен соң, үй иесі зергерлік бұйымдары бар сөмкесін қарағанда, алтын бұйымдарының жоқ екенін көрді. Жәбірленуші аталған фактіге кімнің қатысы бар екенін бірден түсініп, полицияға хабар берді.

Зейнеткер белгісіз әйелдің сырт келбетін толық сипаттап берді. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа тапсырғанын түсіндіріп, кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру