Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері жолға қатысты 270 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген

Түркістан облысында жыл басынан бері 280-нен астам жол апаты мен жолға қатысты 270 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының тіркелімі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға төмендеген. Жыл басынан бері өңірде 283 жол апаты орын алған. Өкінішке орай, соның салдарынан 93 адам қайтыс болды. Десе де, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға төмен.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке құрам қызметкерлері жол апатын болдырмау, алдын алумен қатар, осы жол қозғалысы ережесінің сақталуын қатаң бақылауда ұстайды. Көшеде ары-бері зулаған көліктерді жіті назарға алып, жедел-профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажет кезінде жадынамалар таратуда.

Облыста ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша 25 дерек анықталған. Маневр жасау ережелерін бұзу салдарынан 17 жайт, елді мекендерден тыс жерлерде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 48 жайт, ал елді мекенде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 84 жайт орын алған. 34 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығумен болса, жол белгілерінің талаптарын бұзумен 35 дерек тіркелген.

Сонымен қатар, жануарларды соғумен болатын жол апаттары өткен жылы 41 болса, биылғы жылы 36 деректі құрап отыр. Жыл басынан бері барлық анықталған құқық бұзушылықтардың саны 300 мыңнан асса, оның ішінде 270 мыңнан астамы жол қозғалысы қауіпсіздік саласы бойынша анықталған құқық бұзушылықтар.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту мақсатында «Автобус», «Заңсыз тасымалдаушы», «Құқықтық тәртіп», «»Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Түркістан облысының кейбір жүгенсіз жүргізушілерін тәртіп сақшыларымен қатар, бейнебақылау камералары бақылауда. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көптеген ауқымды істер атқарылуда. Оның бірі – соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларының орнатылуы. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бастамасымен жаңадан іске қосылған «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру