Ақмолалық тұрғын туыстарының мопедін ұрлап кеткен
Ақмолалық тұрғын туыстарының мопедін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 шілдеде Бурабай АПБ полиция бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынының өтініші келіп түсті.
Азаматша полицияға 10 шілдеге қараған түні белгісіз адам үйдің ауласынан өзіне тиесілі Яки мопедін ұрлап әкеткенін айтты. Шығын сомасы 370 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Щучинск қаласының 32 жастағы тұрғыны, өтініш берушінің туысы болып шықты.
Қаскүнемнің айтуынша, өтініш берушімен бір ауылда тұратын таныстарында болып туыстарына қонаққа барған, бірақ жәбірленушінің ауласында тұрған мопедті көріп, кенеттен көлік құралын иемденуге шешім қабылдаған.
Ер адам мопедті ауладан шығарып, оны қараусыз қалған ғимараттардың бірінде жасырған.
Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.