Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол жүрісі ережесін сақтаңыз – полицейлер жүргізушілерді жолда тәртіп бұзбауға шақырады

СҚО полицейлері жүргізушілерді жолда тәртіп бұзбауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері “ҚазАвтоЖол” облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша акция өткізді. Профилактикалық іс-шараның ұйымдастырушылары петропавлдықтарға апат кезінде зақымданған автокөліктерді көрсетті.

– Біздің мақсатымыз – назар аударту, жол қозғалысына қатысушыларды жолда тәртіпті сақтамаудан туындайтын салдарлар жайлы ойландыру, – деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 127 жол-көлік оқиғасы орын алды, 19 адам қаза тауып, 121 адам зардап шекті. Полицейлер петропавлдық жүргізушілерге жол жүрісі ережесін қатаң сақтауға шақыра отырып, апаттардың себептері туралы әңгімеледі

– Жылдамдық режимін асыру – жолдарда адам өлімімен болатын оқиғаға әкелетін себептердің бірі. Демалыс кезеңінде қала сыртындағы трассаларда автокөлік құралдарының ағыны артады. Басып озу кезінде абай болған жөн, – дей отыра, полицейлер профилактикалық бүктемелер таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру