Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың студенттерді алдауға кіріскені туралы ескертеді

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың студенттерді алдауға кіріскені туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтар студенттерді алдауға кіріскен. Бұл туралы петропавлдық полицейлер қала колледждерінің шәкірттерімен өткен кездесуде сөз қозғады.
Жыл басынан облыс орталығында студенттерге қатысты жасалған төрт интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Барлық жағдайларда жәбірленушілер “OLX” сайты арқылы ұзақ мерзімді жалға арзан бағамен тұрғын үйді іздестірген. Қолайлы ұсынысты кездестірген студенттер көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалған. Пәтер иесі пәтерін жалға алуға ниет білдіріп, кез-келген уақытта көшуге дайын адамдардың баршылық екенін алға тартып, пәтерді тек алдын ала төлем жасағанға ғана жалға беретінін айтқан.

Ұсынысты олжалы көрген студенттер ақшаны көрсетілген шотқа аударған, қаражатты қолға түсірген үй иесі қоңырауларға жауап бермей, жоғалған. Қазіргі уақытта полицейлер қаскөйлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Петропавл қ. Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Жангелді Әпенов қалалық колледждердің студенттерімен өткен кездесуде криминалдық механизмдер туралы жан-жақты ақпарат берді. Гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен кездесуге 50 студент, Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжіндегі кездесуге 30 студент қатысқан. Алаяқтықтың кең таралған түрлері, аталған қылмыс жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген, алаяқтарға кезіккен кезде қандай әрекет жасау қажет – екі оқу орнында да жастар түрлі сұрақтар қойды. Әрқайсына жауап берілді, қыз бен жігіттерге арнайы профилактикалық жадынамалар және буклеттер таратылды. Қалалық полиция ведомствосының криминалдық полиция қызметкері “ZOOM” арқылы вебинарды өткізбес бұрын қаланың барлық колледж студенттерімен кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Полицейлер аталған қылмыс түрінің статистикасы екі есеге артқаны туралы атап өтті, жыл басынан облыс орталығында 60-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда, екі есеге көп. Тәртіп сақшылары сақ болуға шақырады, ешкімге жеке мәліметтерге бермеу қажет, алаяқтарға тап болған кезде бірден полицияға хабарласу керек. Сондай-ақ, туған-туыстармен және егде жастағы көршілермен әңгіме жүргізген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру