СҚО полицейлері Медицина қызметкерлерін мерекесімен құттықтады
СҚО полицейлері Медициналық бөлімнің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанда медицина қызметкерлері күні маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтсе, биылғы мереке айдың 21-жұлдызына тұспа тұс келіп отыр. СҚО ПД Медициналық бөлімінің қызметкерлері кәсіби мерекені күшейтілген карантин жағдайында қарсы алып отыр.
ҚР тарихында алғаш енгізілген төтенше жағдай барлық медицина қызметкерлеріне, оның ішінде жеке құрамның, туыстары мен облыстың барлық құқық қорғау органдары ардагерлерінің денсаулығын қорғау міндеті жүктелген жандарға үлкен сын болып отыр. СҚО ПД Емханасы бар госпиталі 19 300 адамға қызмет көрсетеді. Солтүстікқазақстандықтарды қуантқан ТЖ режимінің тоқтатылуы медицина қызметкерлерінің атқаратын ісіне әсерін тигізген жоқ: олар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, қызметкерлер карантин іс-шараларына жұмылдырылған.
Емханасы бар госпитальдің жұмыс тәртібінде көптеген жаңашылдықтар бар. Үй-жайларды, ашық жерлерді үнемі дезинфекциялау, қызметкерлер мен емделушілердің дене қызуын өлшеу күнделікті дағдыға айналған. Жоспарлы емделуге жатқызу тек ПЦР-тесттің теріс нәтижесі болған жағдайда жүргізіледі. Жыл басынан госпитальдің стационарында 900 жуық адам ем қабылдады. Оның жартысына туыстарына баруына тыйым салынған, бұл – карантин ережесінің қойған талабы болып табылады. Медицина қызметкерлері қарым-қатынас жасауды барынша азайту – қауіпті індетті жұқтыруға жол бермеу мен оның таралуын болдырмаудың ең сенімді тәсілі екенін жақсы біледі. Бұдан басқа, емханасы бар госпитальде COVID-19 сынамаларды алуға арналған жеке кабинет, сондай-ақ осы індетті жұқтыруда күдікті емделушілерге арналған арнайы үй-жай ұйымдастырылды.
Карантиндік шектеулер қайта енгізілген жағдайда медицина қызметкерлері блокбекеттерде қайта қызмет атқаруға дайын. Карантин алғаш басталған кезде 22 мейірбике облыс орталығының шыға берісінде тәулік бойы кезекшілік атқарды.Орта медициналық қызметкер бұрынғыдай таңертеңгілік Департамент объектілерінің бақылау-өткізу пункттерінде кезекшілік етіп, полицияның барлық жеке құрамының дене қызуын өлшейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тобына жұмысын айтарлықтай күшейтулеріне тура келді. Бұрын бұл бөліністің жұмысы солтүстікқазақстандық полицияның ведомстволық бағынышты объектілерінде санитарлық нормалардың сақталуын жоспарлы тексеру болатын. ПД аппаратының, Көліктегі ПД мен ТЖД, қалалық және аудандық бөліністердің әкімшілік ғимараттары, патрульдік полиция батальоны, кавалерия взводы, қабылдау-тарату орны – бұның бәрі тексерілетін объектілердің толық тізімін құрамаса да атқаратын жұмыстар жеткілікті еді. Арнайы контингенттер ұсталатын орындарға ерекше назар аудару қажет. 2020 жылға дейін МСЭҚ қызметкерлері ішек таяқшаларынан басқа қауіппен бетпе бет келген жоқ.
Коронавирус індеті барлық жағдайды өзгертті.Адамдармен үнемі байланыс жасайтындықтан, полицейлердің қашықтықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік жоқ. Барлық қажетті санитарлық қауіпсіздік шаралары кезінде олар басты тәуекел тобына кіреді. Күн сайын тексеріс жүргізіліп, бетперделердің, антисептиктердің, дезинфекциялық кілемшелердің болуы, дезинфекциялық құралдармен ұдайы ылғалды тазалау, күніне 3 рет жақтаулар мен есіктің тұтқаларын сүрту басты назарға алынды. Сонымен қатар атқарылатын міндеттердің тізімінде – блокбекеттерді тексеру, обаға қарсы костюмдерді пайдалану бойынша емханасы бар госпитальдің қызметкерлерімен нұсқамалық өткізу, полиция ведомствосының жеке құрамымен ағарту жұмыстарын жүргізу болды.
“Ерекше жауапкершілік бір адамның иығына ғана жүктелді, – дейді СҚО ПД Медициналық бөлмінің бастығы Сергей Фёдоров. – МСЭҚ карантин шаралары енгізілмей тұрып, штатта үш қызметкер болатын, оның біреуі зейнет демалысына, ал екіншісі декретке шықты. Тек жетекші маман-санитарлық дәрігер Марина Твалавадзе ғана қалды. Оның жұмыста кідіруіне тура келген жағдайлар болды, күшейтілген режим мерзімсіз еңбек нормасына әкелді. Жұмыстан сағат 21-де шығу, үйге ерте баратын күндермен тепе-тең болды. Марина Станиславовна 36 жылдық еңбек өтілі бар санитарлық қызметкер, офицерлерге лайықты тиянақтылығымен өзіне берілген тапсырмаларды адал орындайды және күн-түн демей өз міндеттерін атқаруға дайын.
Медициналық бөлім бастығы мен емханасы бар госпитальдің бастығы Құмар Күсемісов тәулікке жақындатылған режимде жұмыс істейді.Зертхана да қалыпты жұмыс кестесінен тыс еңбек етуде. Емханасы бар госпитальдің штатында үш зертханашы бар, мейірбикелердің бірі COVID-19 ПЦР сынамаларын алу техникасына оқып келген. Жеке құрамды тексеру жұмысы үздіксіз жүргізіледі: қауіпті кезеңде қызметкерлердің денсаулығын қорғау ПД басшылығының ерекше бақылауында. Жұмыс күні анық емес, демалыс күндері кезекшілік ету. Алайда бұған ешкім қарсылық білдірмей, түсіністікпен қарауда.
– Медицинаға да, құқықтық тәртіпті сақтау сияқты қарсы келген қиындықтан қашатын адамдар бара бермейді, – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев. – ТЖ кезеңінде ақ халаттылар мен тәртіп сақшылары үйлесімді әрі нақты жұмыс атқаруды өз істерімен дәлелдей білді.Облыс полицейлерінің барлық дәрігерлерге, мейірбикелер мен зертханашыларға білдірген шынайы алғысы тегіннен тегін емес. Олар біздің әрдайым жанымызда және тәртіп сақшылары мен олардың отбасының денсаулығына алаңдатушылық туғызбайтын сенімді қорғанымыз болмақ.