Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері мереке күндері иелеріне жоғалған жылқыларын қайтарды

СҚО полицейлері мереке күндері иелеріне жоғалған жылқыларын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевқа Есіл ауданының тұрғыны алғысқа толы бейнежазба жолдады. Ол аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жоғалған жылқыларын іздеуге көмек көрсеткендері үшін ризашылығын білдірген. 278 жылқы бар үйірден күйеуі екеуіне тиесілі екі бие жоғалған. Ерлі-зайыптылар мен бақташылар үш күн бойы өз күштерімен іздеген. 29 сәуір күні ауыл тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінеді. Тәртіп сақшылары екі көлікпен және салт атпен шығатын іздеу топтарын жасақтады. Іздеу тобының жетекшісі аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сағындық Жантеміровтің сөзінше, климаттық жағдайларға байланысты іздеу қиындыққа соққан: далалар батпақ, сай-саланы су басқан. Жануарларды бір-бірімен алмасып, алты полиция қызметкері, жылқы иелері мен бақташылар іздеді. Мамырдың 1-і күні 40 шақырымға алыстап кеткен жылқылар табылып, иелеріне қайтарылды. Әйел адам полицейлерге мықты денсаулық және қызметтеріне жетістіктер тілеп алғысын жаудырды.

– Бақташылардың қарауындағы жылқылардың жоғалуы бірлі-жарым жағдай, – дейді Есіл ауданының ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков. – Жалпы малды ұйымдастырылған түрде бағу оң нәтижесін бергенін атап кеткен жөн. Ауданда биылғы жылы мал басының жоғалуы алғаш болып отыр, мал ұрлығы фактілері тіркелмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру