Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері облыс жолдарында адамдардың көз жұмып, жарақат алуының себептерін айтты

СҚО полицейлері облыс жолдарында адамдардың көз жұмып, жарақат алуының себептерін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері жедел кеңесте 10 айда атқарған жұмысты қорытындылады. Кеңесте қаралған маңызды сұрақтардың бірі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жыл басынан облыс аумағында 327 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 39 адам қаза тауып, 463 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Апаттылық жағдайына жүргізілген талдауға сәйкес, жол үстіндегі апаттардың тіркелуіне көлік жүргізушілерінің жалпыға ортақ тәртіпті сақтамауы себеп болған. Олардың кінәсінен 302 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 38 адам көз жұмып, 439 адам зардап шеккен. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 25 жол апаты тіркеліп, 1адам қаза тапты.

Апаттардың негізгі түрлері – автокөліктердің бетпе-бет соқтығысуы (116 факті) және жаяу жүргіншілерді қағып кету (113 факті). Полицейлердің айтуынша, көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзу – жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болған, мұндай 126 дерек тіркелді.

– Жолдардағы апаттылықты азайту мақсатында полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп тұрады. Оқу жылының басында және “Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде патрульдеу бағыттары оқу орындарына жақындатылады. Қозғалыстың барлық қатысушыларынан жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды сұраймыз. Жүргізушілер көше қиылысына немесе жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетуі керек, көлік құралын басқару кезінде телефонды қолданбауы, қауіпсіздік белдіктерін пайдалануы қажет екенін естен шығарманы жөн. Жаяу жүргіншілерге жолдың рұқсат етілмеген жерінен немесе бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтуге болмайтынын еске саламыз. Қозғалыстың барлық қатысушылары жол жүрісі қағидаларын сақтағанда ғана жолдарымыз қауіпсіз болады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру