СҚО полицейлері Отбасы күніне орай өткізілген дөңгелек үстелге қатысты
СҚО полицейлері Отбасы күніне орай өткізілген дөңгелек үстелге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке отбасылық құндылықтарды насихаттаумен, отбасы мен некенің позитивті образын дамытумен, отбасы институтын нығайтумен, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырумен байланысты.
Жуырда осы мерекеге орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың және СҚО полиция департаменті кадр саясаты басқармасының қызметкерлері музыкалық-поэзиялық кеш өткізді.
Іс-шараға СҚО ПД кадр саясаты басқармасының басшылығы, полиция қызметкерлері мен студенттер қатысты. Сондай-ақ ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марал Оспанова, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының татар-башқұрт орталығының өкілі Зулейха Бикметова шақырылды. Олар өз сөздерінде отбасының адам өміріндегі рөлін айтып, отбасыдағы проблемаларды шешудің, өзара түсіністік пен қолдаудың тәжірибесімен бөлісті.
Музыкалық-поэзиялық кешке кітапхананың белсенді оқырмандары, шығармашылық ұжымдар қатысты. Әсіресе ерлі-зайыпты Әсет пен Динара Молдабаеваның музыкалық тартуын жиналғандар ерекше қабыл алып, қошеметтерін аямады. Әсет – полиция қызметкері, СҚО ПД мәдени орталығындағы вокалдық топтың мүшесі. Белсенді қатысқаны үшін кітапхана қызметкерлері оларға алғыс хат табыс еті.
– Біздің қоғамда отбасы ұрпақтар арасындағы байланыс – рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаудың кепілі. Отбасының ішкі әлемі бар, онда мінез-құлық, әр мүшесі тұлға болып қалыптасады, мұнда Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Отан отбасынан басталады. Жыл сайын осы мерекеге орай біздің департаментте көптеген іс-шаралар өткізіледі. Полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелерін шақырамыз. Өйткені, отбасы – әр адамның баға жетпес қымбат байлығы, – дейді СҚО ПД КСБ бастығы Абылғазы Ғабдуллин.