Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда велосипед ұрлығы бейнекамераға түсіп қалған

Алматыда велосипед ұрлығы бейнекамераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған бөтеннің мүлкін ұрлау видеоға түсіп қалған.

Полицияның мәліметінше, бейнежазбадағы күдіктілердің бірі ұсталды. Екінші күдіктінің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде.

– ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы К.есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Бұған дейін де ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру