СҚО полицейлері қиыншылыққа тап болған мүгедекке көмектесті
СҚО полицейлері қиыншылыққа тап болған мүгедекке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тимирязев ауданында қызмет көрсететін аумаққа тексеріс жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы Нұржан Есқожин қиыншылыққа тап болған аудан орталығының 54 жастағы тұрғынын анықтады.
Бұл ер адам бір кездері полицейлерді әуреге салған, себебі оның соттылығы болған, құқық бұзушылықтар жасаған, әкімшілік соттан жалтармақшы болған. Бірақ уақыт өте келе, ол өзінің тәртіп сақшыларына деген көзқарасын өзгерткен. Биыл ол 1-ші топтағы мүгедек деп танылды. Жекелей сал аурына шалдығуына байланысты, ол күнделікті қаражат табу мүмкіндігінен айырылып қалған. Оған қол ұшын созып, көмек көрсетер туыстары да болмаған. Мүмкіндігінше көршілері мен таныстары көмектесіп тұрған, құзырлы органдар оны әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберуге дайындап жатқан. Суық түсе бастағанда аудан тұрғыны алаңдай бастаған.
Бұрын принципшіл қызметкер ретінде білетін, 10 жыл бұрын оны бас бостандыған айыру орнына жібермекші болған аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нарлан Жұмабаевпен кездесуге ниетті екендігін білдіреді. Полиция қызметкері Жұмабаев жалғыз басты мүгедекке барып, оның барлық ойын тыңдап қайтты. Әлеуметтік қорғау мамандары және медицина қызметінің мамандарымен бірлесе отыра, полицейлер қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетті.
– Учаскелік инспектор көлікпен қамтамасыз етіп, Смирново қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жеткізіп салды. Мәселе тікелей құқық қорғау қызметіне қатысы болмаса да, ең басты міндет қайғылы жағдайға жол бермеу болды. Нақты осы мақсатта учаскелік инспекторлар осындай фактілерді анықтауға бағдарланады. Қажет болған жағдайда дер кезінде көмек көрсету үшін үйді-үйді аралау кезінде жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерді жиі-жиі тексеріп тұрады. Жұмыстың түпкілі нәтижесі ретінде адамдардың қауіпсіздігіне назар аудару – полиция жұмысының сервистік моделінің негізгі қағидаларының бірі, – деді Нарлан Жұмабаев.