СҚО полицейлері қоғам белсенділерімен азаптауға қарсы күрестің жай-күйін талқылады
СҚО полицейлері қоғам белсенділерімен азаптауға қарсы күрестің жай-күйін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері азаптауға қарсы күрестің ұлттық алдын алу тетігінің өкілдерімен кездесті. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың төрағалығымен облыс бойынша ҰААТ тобына кіретін полицейлер мен қоғам белсенділері қатыгездікке жол бермеу және адамдарды арнайы мекемелерде ұстау жағдайларын жақсарту бойынша қабылданған шараларды талқылады.
Қазақстанда ҰААТ 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан полициясының құзыретіне кіретін арнайы мекемелерде көптеген оң өзгерістер орын алды. Олардың барлығы бейнебақылаумен жабдықталған, бюджет қаражатының түсуіне қарай жаңа ғимараттар салынуда. Мысалы, 2022 жылы Ақжар ауданында заманауи халықаралық талаптарға сәйкес келетін жаңа уақытша ұстау изоляторы ашылды. Материалдық-техникалық база жақсарып келеді. Айдауыл қызметінің қызметкерлері тиісті дайындықтан өтеді. Ол адамның конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді білуді ғана емес, сонымен қатар тұтқындардың агрессивті, арандатушылық мінез-құлқы жағдайында жұмыс тәсілдерін де қамтиды.
СҚО бойынша ҰААТ тобының жетекшісі Олжас Ғаббасов өз сөзінде арнайы контингентпен жұмыс істейтін бөлімшелердің басшылығы мен жеке құрамына алдын алу тетігі қызметінің тарихы мен қағидаттары туралы еске салды. Сондай-ақ ол қатысушылардың қоғамнан уақытша оқшаулануды қамтамасыз ететін мекемелер мен үй-жайларға ақпарат алу және оларға қол жеткізу құқықтары туралы айтты. Жалпы топ мүшелері СҚО полициясымен өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады. Татьяна Усманова атап өткендей, облыстық ПД диалог үшін ашық, кемшіліктер туралы сигналдарға жедел жауап береді.
Жұмыс кездесуін қорытындылай келе, Қанат Айтбаев аудандық полиция бөлімдеріне қоғамдық ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
– Қоғам қайраткерлері тарапынан полиция мен медицина саласы, басқа да мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды заңнамалық деңгейде жетілдіруге мүмкіндік беретін бастамаларды күтеміз. Қоғаммен тікелей диалог полиция жұмысының сервистік моделі шеңберінде дамудың сенімді іргетасы болып табылады, – деді Қанат Айтбаев.