Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері құрылыс басынан ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері құрылыс басынан ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданының полиция қызметкерлері мүлік иелері ұрланғанын білмеген ұрлықты анықтады. Қызмет көрсететін аумақты аралау кезінде Арықбалық ауылының учаскелік полиция инспекторы Абылайхан Рамазановтың назары мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің бірінің ашық тұрған терезесіне түседі. Ол бірден үй салушымен хабарласқан. Салушы орынға келген уақытта 10 алюминий жылу батареясының жоғалғанын анықтаған. Келтірілген шығынның сомасы 500 мың теңгені құрады. Жедел уәкілдер елді мекенді тексеру кезінде ұрланған заттың бір бөлігін тапты: алты жаңа батарея жаңадан салынып жатқан құрылыстың бірінің аумағындағы қарға көмілген. Сол күні түнде күдіктілер анықталды, олар 20 және 22 жастағы жергілікті екі тұрғын болып шықты. Олардың біреуі бұрын осы құрылыста жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты міндетті келу туралы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Ұрланған зат алынды және тергеу әрекеттері аяқталған соң заңды иесіне қайтарылады.

– Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл – полицияның басты міндеттерінің бірі, — дейді ауданның ПБ бастығы Марат Серкешев. — Кәсіпкерлердің назарын материалдық құндылықтарды сақтау бойынша шаралар қабылдау, объектілерді күзетуді қамтамасыз ету, оларды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау қажеттігіне аударамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру