Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері РФ-ның шекаралас екі облысының полициясына іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстап берді

СҚО полицейлері РФ-ның шекаралас екі облысының полициясына іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы Ресей Федерациясының шекаралас облыстарындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері туралы хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданының алтауы – Ресей Федерациясының Түмен, Омбы және Қорған облыстарымен 1200 шақырымнан астам қашықтықта шекаралас. Жыл басынан бері дәстүрлі шекара маңы ынтымақтастығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Қорған облысы бойынша Ресей ІІМ басқармасымен іздеуде жүрген 3 қылмыстық қылмыскер анықталды. Олардың бірі, заңсыз кәсіпкерлігі үшін іздеуде жүріп, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қудалаудан жасырынған 47 жастағы Ресей Федерациясының азаматы. Жаздың ортасында қылмыскерді солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер ұстап алып, Ресей Федерацияна одан әрі экстрадициялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Ал Омбы облысы бойынша ішкі істер министрлігі басқармасы үшін жыл басынан бері солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер 9 қылмыскерді анықтаған. Олардың ішінде алаяқтық жасағаны үшін іздестірілген, осыған дейін Солтүстік Қазақстан аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып келген 62 жастағы ресейлік, алайда күзде ұсталып, іздеу жариялаған органға тапсыру үшін қамауға алынған.

Ал 2023 жылдың наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында “Іздестіру” мемлекетаралық іс-шара аясында криминалдық полиция қызметкерлері Қызылжар ауданы ауылының бірінде тұратын Қазақстан Республикасы азаматын ұстады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығы Иван Терзидидің айтуынша, 2019 жылдың қараша айында Омбы қаласында ер адам 2013 жылы туған кәмелетке толмаған ұлына ауыр дене жарақатын салған көрінеді. Қылмыс жасалғаннан кейін ол Қазақстанға кетіп, ресейлік полициядан жасырынғаннан кейін ресейлік құқық қорғау органдары тарапынан федералдық іздеуге жарияланған. Іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері анықталғаннан кейін қажетті материалдар жиналып, іздеуге жариялаған органға жіберілді.

Маусым айында “Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы” Конвенция негізінде қылмыстық іс Бас Прокуратура арқылы одан әрі тергеу үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне жіберілді. Шілде айында ол адам Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 2-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы шекара маңындағы облыстардан келіп түсетін іздестіру тапсырмаларын және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды уақтылы орындау бойынша күн сайын жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру