СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады
СҚО полицейлері сирек кездесетін қаруды заңсыз сақтаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақтайтын облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
9 шілдеде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 бірлік түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді.
Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.