Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері студенттерге алаяқтық ісіне қатысқан жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты

СҚО полицейлері студенттерге алаяқтық ісіне қатысқан жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда алаяқтар криминалдық бизнеске жастарды белсенді тартып жатыр. Өздерінің әккі әрекеттерін іске асыру үшін ғаламторды пайдаланып дропперлерді іздейді. Дропперлер – белгілі бір ақы үшін алаяқтардың қалтасын қампайтуға дайын жалған тұлғалар. Олар алданған адамдардан түскен ақшаны басқа елде отырған алаяққа жібереді.

Жастардың кейбірі алаяқтық схемаларына қатысу үшін көзделген жауапкершілік жайлы білмейді. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері білім ошақтарының студенттерімен кездесіп, бейтаныс адамдар үшін банктік карта ашудың қаупі, күмәнді операциялар үшін есепшоттарды бермеу туралы түсіндірді.

Мысалы, қазіргі уақытта сотта петропавлдық полицейлер ашқан 7 эпизодтан тұратын интернет-алаяқтықпен байланысты іс қаралып жатыр. Сотқа тартылған адам – дроппер. Азаматтық заңнамаға сәйкес, алаяқтардың барлық келтірген шығыны дропперден өндіріліп алынуы мүмкін.

– Сондай-ақ желілік алаяқтар жастарға оңай жолмен ақша табуды ұсынып, курьер ретінде пайдаланады. Басқаша айтқанда – алданған азаматтардың ақшаларын алып, көрсетілген шотқа аудару. Бұл үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Тәртіп сақшылары осыған қатысты ақпаратты петропавлдық колледждерде білім алып жүрген жастарға түсіндіріп жүр. Өйткені осы жас шамасындағы жастар алаяқтардың нысанасында. Жедел уәкілдер банктен шалынатын қоңыраулар, интернетте тауарлар мен қызметтер туралы жалған хабарландырулар үшін алдын ала төлемдер талап ету, микроқаржы ұйымдарында бөгде тұлғалардың атына займдар алу сияқты интернет-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтылды,  – дейді СҚО ПД КПБ бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру