Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақтыларды қорғауды қолға алды

СҚО полицейлері жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақтыларды қорғауды қолға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында 17 желтоқсаннан бастап, қылқан жапырақтыларды заңсыз кесуге жол бермеуге бағытталған “Шырша” акциясы бастау алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы өкілдері, сонымен қатар орман шаруашылығы қызметімен бірлесе отыра, қылқан жапырақты орманды, шырша сатудың заңдылығын тексеретін ұтқыр топтар құрды. Акция басталғалы бері 40 рейд өткізілді. Бүгінгі таңда заңсыз кесуге жол берілген жоқ. Полицейлердің айтуынша, облыста сатылып жатқан жаңажылдық шыршалар негізінен Ресейден әкелінгендер. Оларға қатысты мәселе туындамаса да, кейбір сатушылар сатудың тәртібін бұзады.

– Акция басталғаннан бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабы (Белгіленбеген жерде сауда жасау) бойынша үш факті анықталды. Мысалы, Петропавл қаласындағы Омбы айналма жолының маңында ГАЗель көлігіне шырша сатып жатқан қалалықтардың бірі жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерде далада сауда жасауға әкімдіктен рұқсаты немесе жалға алу туралы келісім шарты болуы тиіс екендігін еске саламыз, – деп хабарлады СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


“Шырша” акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру