Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жарты центнерден астам марихуананы өртеді

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының кезекті партиясын өртеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының соңында “Қарасора” операциясы аясында 59 келіден астам марихуана алынған. Жедел уәкілдер “Toyota Mark II” автокөлігін тоқтатқан. Тінту кезінде көліктің жүксалғышынан үш қап марихуана табылған. Көліктегі жолаушы есірткі қылмысына қатыстылығын мойындады. Оған қатысты қылмыстық іс тергелуде. 59 келіден астам алынған марихуана прокуратура мен медицина қызметкерлерінің көзінше қаладағы қазандықтардың бірінде жойылды.  

– Алынған есірткі заты 10 жұмыс күні ішінде жойылуға жатады, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.Карантиндік шектеулерге байланысты арнайы комиссиямен бөлек волонтерлер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуы мүмкін болмады. Біз олардың әр есірткі қылмысы ерте ме кеш пе ашылатындығын өз көздерімен көріп және басқаларға айтып жеткізуі үшін осындай акцияларға қатысуға шақырамыз. Нашақорлықтың алдын алуда, есірткі қылмысының профилактикасының негізгі бөлігінде – біз өмірлік ұстанымы жоғары жастардың әлеуетін жоғары бағалаймыз.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 400 кг. астам түрлі есірткі заттарын алды. Оның ішінде 350 кг. жуық марихуана, 1 кг. 690 гр. – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 грамм героин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру