СҚО полицейлері жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жүру фактілерін анықтауда
СҚО полицейлері жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жүру фактілерін анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да көшелер мен көңіл көтеру орындарына түнгі рейдтер жүргізіле бастады. Бір түннің ішінде сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс болуының 26 фактісі анықталды. Қаладағы дәмханалардың бірінде таныстарымен бірге 17 жастағы қыз болған. Жасөспірімнің анасы да, дәмхананың иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, тұрмысы қолайсыз отбасылар да басты назарда. Петропавлда осындай бір отбасыны тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың түнде үйінде болмағаны анықталды. Бұл отбасыға қатысты полицейлер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері алаңдаулы – қыз бала оқуына немқұрайлы қарайды, анасы ащы суды асыра ішеді. Қазіргі уақытта бұл мәселені кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарауына шығару сұрағы қарастырылуда.
– Бұл жұмыс маусымның 27-нен 29-ы аралығында өткізілетін «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қараусыздығымен күрес, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу. Бұл жұмыс прокуратура, денсаулық сақтау, білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ата-аналармен бірлесе жүргізілуде, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.
Полицейлер жасөспірімдер жүруі мүмкін орындарды, оның ішінде саябақтар, қараусыз қалған үйлерді тексеруде. Жалпы облыс бойынша 38 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін атқармағаны үшін 8 ата-ана жауапқа тартылды.