Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жастар арасында экстремизмнің алдын алуда

СҚО полицейлері жастар арасында экстремизмнің алдын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастармен мақсатты жұмыс – СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. СҚУ колледжінің 2-курс студенттеріне полицейлер облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының өкілдерімен «Әлемдік қауіп – террор» тақырыбында диалог өткізді. Іс-шара Ғ.Мүсірепов ат. облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының coworking-орталығы базасында өтті. Жастарға радикалды сипаттағы деструктивті діни ағымға қатысуға әкелетін экстремистік көзқарастардың таралу мен әлеуметтік желі арқылы адамдарды тарту қаупі туралы ескертілді. Диалаог барысында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, оған Қазақстан мен дүниежүзінде болған терактілермен, терроризммен күресі шаралары, бұл күрестің еліміздегі рөлін таныстыратын әдебиеттер, мерзімді басылымдар, фотоматериалдар көрсетілді. Әңгімені бекіту үшін тарихта болған жойқын терактілердің бірі туралы «Беслан – прерванный урок» атты бейнефильм көрсетілді.

– Қоғамның қорғалуы құқықтық сауаттылықтан, заңға құрмет көрсетуден басталады. Сондықтан полиция қызметкерлері дін саласын реттейтін заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салады. Мысалға, облыста жыл басынан заңсыз діни материалдарды таратудың 22 фактісі анықталды. Естен шығармаған жөн: мұны тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында таратуға рұқсат етілген. Кәсіпкерлер осы материалдарды тарату үшін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуы қажет. Сонымен қатар, дін мәселесі бойынша тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, ҚР заңнамасын білуге жән сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Марат Жарасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру