СҚО полицейлері ЖКО орнынан қашып кеткен 28 жүргізушіні іздеп тапты
СҚО полицейлері ЖКО орнынан қашып кеткен 28 жүргізушіні іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік тәртібін бақылау – жергілікті полиция қызметі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Балалар жол-көлік жарақатын алдын алуға және Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарына ерекше назар аударылады.
Статистика көрсеткендей, жол қателіктерді кешірмейді. Өткен жылдың 12 айында Солтүстік Қазақстан облысы жолдарында түрлі дәрежедегі жарақат келтірген және жүргізушілер оқиға орнынан қашып кеткен 29 ЖКО тіркелді. Оның ішінде – екі ЖКО адам шығынымен аяқталды.
2021 жылғы 28 қарашада сағат 15-20 шамасында Қазақстан Конституциясы мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргінші өткелінде қара түсті Infiniti автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы әйелді қағып кетіп, ЖКО орнынан жасырынған. Сол күні кешке әйел ауруханаға жүгінген, оған көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы іздеу тобының қызметкерлері белгісіз жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 611-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, бір мезгілде инспекторлар жедел-іздестіру іс-шарасына кірісіп кетті. Бейнебақылау камералары жасырынған автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін анық тіркемеген. Алайда тапжылмай іздеудің арқасында үшінші күні Infiniti M35 автокөлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды. Ол Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам сол сәтте абыржып қалғанын және жәбірленуші жаяу жүргіншіден оның халін сұрағаннан кейін, оқиға орнынан кетіп қалдым деп түсіндірген. Нәтижесінде жасырынған жүргізуші ЖКО байланысты міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
– Заңнамаға сәйкес оқиға орнынан тек зардап шеккендерді өтіп бара жатқан көлікпен емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмағанда, жеткізу үшін кетуге болады. Жүргізуші жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзып, өзі жол-көлік оқиғасы қатысушысы бола тұра оқиға орнынан кетіп қалған жағдайда, елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.