Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәслихат депутаттары Алматы қаласының ПД-де болды

Алматы қаласы мәслихатының Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясы Полиция департаментінде болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, 6 қаңтарға қараған түні лаңкестер қалалық Полиция департаментінің ғимаратына 27 рет шабуыл жасады.

Үш әкімшілік ғимарат төрт жақтан көптеген шабуылдарға ұшырады.

Лаңкестер басып кіру үшін атыс қаруын, гранаталарды, Молотов коктейльдерін, тастар мен ауыр техниканы пайдаланды.

Қазіргі уақытта келтірілген шығын есептелуде.

Бұрын хабарланғандай, бес фронт-офис, сондай-ақ Алмалы аудандық ПБ мен ПД ғимараттары зақымданған.  19 модульдік және 13 экологиялық полиция посттары зақымданды және өртенді.

Мәслихат депутаттары полицияның көлік тұрағында қалыптасқан жағдайымен де танысты.

Бүліктер мен лаңкестік әрекеттердің салдарынан 165 қызметтік көлік жарамсыз болып қалды, оның 53-і өртеніп кеткен, 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.

– Біздің комиссия мүшелері және мәслихат депутаттары бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында жангештік танытып, қаза болған ержүрек батырлардың  жақындарына қайғыра көңіл айтады. Әрбір адамның өмірі маңызды, сондықтан бейбіт және тәуелсіз Қазақстанды сақтау бәріміз үшін өте маңызды. Құқық бұзушылардың келтірген шығынын бағамдап, полицейлердің жұмысын талқылау үшін Алматы қалалық Полиция департаментіне де бардық. Соңғы оқиғаларды ескере отырып, қала басшылығы мен полиция қызметкерлері тонау, қарақшылық шабуыл, бұзақылық және лаңкестік әрекеттер сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алуға көбірек көңіл бөлетін болады, – деп есептейді Алматы қалалық мәслихатының Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру