СҚО полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңнан астам дерегін анықтады
СҚО полицейлері 4 күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыспалы ауа райы жағдайларында жүргізушілер өздерін және басқа да қозғалыс қатысушыларын тәуекелге салады, олар көлік басқарып келе жатып телефонмен сөйлеседі. Полиция қызметкерлері қырағылықты жоғалту ауыр зардаптарға әкеп соғатынын еске салады. Желтоқсаның 21 мен 24 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері 76 жүргізушіні көлік құралдарын басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Осы кезеңде облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 4 күн ішінде полицейлер 1084 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады. Жүргізушілермен ең жиі бұзылатыны – қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, мұндай 107 дерек тіркелген. Сонымен қатар облыс жолдарында 12 мас жүргізуші тоқтатылды.
– Сондай-ақ, жылдамдықты арттыруды 30 фактісі, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтудің – 9, 8 автокөлік жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, рейдтік іс-шаралар барлық қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыруға, апаттылықты азайтуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.