Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жылдың үздік полицейлері анықталды

Мегаполистің полиция департаменті 2023 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қызметтік міндетін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, Бағдатқызы Айнұр жылдың “Үздік штаб инспекторы” атанса, Таштай Ақтөре “Үздік жедел уәкіл” номинациясын иеленді. “Үздік анықтаушы” атағын Тұрғынбай Манап алды. Ал жылдың үздік криминалисті Молдабаев Нұржан болды.

Тұран АПБ-ның учаскелік инспекторы Алғабай Еркебұлан “Үздік учаскелік инспектор” деп танылса, Нұрлан Бекжанов жылдың үздік 102 операторы атанды. Бұған қоса, “2023 жылдың үздік кезекшісі, кадр инспекторы, көші-қон инспекторы, қызмет инспекторы, жол сақшысы, тәртіп сақшысы, арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы, жол қозғалысын реттеуші инспекторы” номинациялары бойынша тағы 8 қызметкер марапатқа ие болды.

ПД бастығы Думан Таев тәртіп сақшыларын құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектес екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру