СҚО полицейлері жүргізушілерді көктайғақ қаупі туралы ескертеді
СҚО полицейлері жүргізушілерді көктайғақ қаупі туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері автокөлік иелерін қысқа қамдану қажеттілігі туралы ескертеді. Ауа райы болжамы – күн суытып, қар жауады, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Көктайғақ және жауған қар машинамен жүруді қиындатады. Ауа райының күрт төмендеуі, оның үстіне жол көрінбейтін кезде апаттылық қаупін алдын алу үшін екі қарапайым ережені сақтау керек: жылдамдықты төмендету және көлік арасындағы ара қашықтықты сақтау. Жол үстінде алдында келе жатқан көлік құралымен ара қашықтықты сақтамау – жол-көлік оқиғасының жиі жасалуының бірден-бір себебі. Автокөлік жүргізушілерінің барлығы бірдей шиналарын қысқыға ауыстырып үлгермеуі мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Олардың әбігерге салуы әбден мүмкін. Әсіресе, маневр жасаған кезде абай болу қажет. Аса апаттық-қауіпті маневлер – алдындағы көлікті басып озу және сол жаққа бұрылу.
– Ауа райы болжамын қадағалап, ТЖ қызметі хабарламаларын қарап жүруге кеңес береміз. Көлік құралдарыңыздың техникалық жағдайын жиі тексеріп, шиналарын қысқыға уақтылы ауыстырыңыздар. Шиналарын уақтылы ауыстыру ауа райының қолайсыз жағдайында сенімді жүруге мүмкіндік береді әрі өзіне де, жол қозғалысына қатысушылардың өмірлеріне де қауіп төндірмейді, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.
Облыс жолдарында жыл басынан 221 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 35 адам қаза тауып, 321-і жарақаттанған.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолда абай болу және ЖЖҚ қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.