Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жүргізушілерді көктайғақта аса сақ болуға шақырады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушілерді көктайғақта аса сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн райының жылынуына байланысты облыс жолдарында көктайғақ пайда болды. Коммуналдық қызметтер жолдарды мұздан тазалауда, полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысын күшейтті. Ақпан айының алғашқы бес күнінде облыста үш жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жол қозғалысының өрескел бұзушылықтарының қазіргі уақытта қаупі артқаны туралы ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстанған күннің өзінде апаттық жағдайға ұшырау қаупі жоғары, жылдамдықты азайтып, көлік құралдары арасында ара қашықтықты сақтау қажет.

– Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өткен кезде сақ болуға кеңес береміз, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Жамұқов. – Жолда мұз болған кезде көлік бірден тоқтай алмайды. Жаяу жүргіншілер жолағында кенеттен адам пайда болған кезде жүргізуші шара қабылдауға үлгермеуі мүмкін. Жүріп келе жатқан көліктің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Жасөспірімдердің көбі құлақтарына тыңдауыш тағып, бас киімін кимей, капюшон жауып жүреді. Осылайша, жақындаған көлікті байқамай, естімей қалуы мүмкін. Жолды осылай кесіп өтетін адам өмірін қауіпке тігеді.


Мұның алдын алу мақсатында полицейлер ата-аналарға ескертеді: ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, үй шатырларынан қар мен сүңгілердің жерге еріп түсуін ескеріп, балаларға әкімшілік ғимараттар мен үйлерге, басқа да құрылыстарға жақын жүрмеуі туралы түсіндіру қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру