Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция бастығы 130-дан астам азаматты жеке қабылдады

СҚО полиция бастығы 130-дан астам азаматты жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов Amanat партиясының алаңында кезекті азаматтарды қабылдауды өткізді. Облыстың бас полицейіне төрт сұрақ келіп түсті.

Сұхбатқа дайын болу, ашықтық, айқындылық және халықтың сауалдарына жедел ден қою – мемлекеттік органдардың жұмысындағы басымдықтар, қызметкерлер күнде халықпен тығыз жұмыс істейді. Солтүстікқазақстандық полиция басшылығы тұрақты түрде қабылдауды жүргізеді және азаматтарды қабылдау ерекше бақылауда.

Қылмыстық істерді тергеу барысы, жұмысқа орналасу сұрақтары, қарамағындағы қызметкерлерге алғыс – Amanat алаңында облыстық полиция басшылығына келіп түскен сұрақтар әртүрлі болды. Әр сұрақ мұқият зерделеніп, ішкі істер органдары құзыреті шеңберінде толық жауаптар беріледі. Жыл басынан облыстық Полиция департаментіне 2 мыңға жуық түрлі өтініштер келіп түсті. Қазіргі уақытта 1878 өтініш қарастырылған, басым бөлігі қанағаттандырылды.

СҚО Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева СҚО ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесін жалғастырып жатқаны туралы атап өтті.

Қабылдау облыстық полиция ведомствосында, “азаматтарды қабылдау” бөлмесінде апта сайын әр сәрсенбі күні өтеді.

Жыл басынан Айдын Қабдұлдинов 133 азаматты қабылдады, бастықтың орынбасарлары – 103 азаматты қабылдаған. Жедел және түпкілікті жауап беру мақсатында азаматтарды қабылдауға құзыретіне келіп түскен сұрақты шешу жататын қызметтердің және бөліністердің басшылары шақырылады.

Облыстық полиция басшысына 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары бойынша жазылуға болады. Facebook әлеуметтік желісінде СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтің ресми парақшасы жұмыс істейді, бұнда полиция құзыретіне жататын сұрақтармен жүгінуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру