СҚО Полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
СҚО Полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді, – деп атайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күнінде полицейлер салтанатты жиналыс өткізіп, сап түзеді. Іс-шараны Ту көтерген сақшылар ашты.
Солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы Қазақстан Республикасының Әнұраның орындады. Мемлекеттік символдарға құрмет көрсете отыра, мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады, полиция қызметкерлері кезекті атақтарымен погондарын тақты.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов ардагерлер мен жеке құрамды құттықтап, Мемлекеттік символдардың патриотизм мен қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлін атап кетті.
“Полиция полковнигі” атағын Полиция департаменті штабы бастығының орынбасары Сергей Погосский алды. Полиция офицері ішкі істер органдарында 20 жыл қызмет етті, еңбек жолын лейтенанттан бастаған ол бүгін полковник атанды. Өз кәсіби міндеттерін адал әрі аса жауапкершілікпен атқаратын офицер әріптестерінің және халықтың құрметіне ие.
– Атақ алу – маған артқан зор сенім, Қазақстан Республикасына қызмет етемін, – дейді облыстық полиция ведомствосының бірінші басшысының қолынан погон алған Сергей Погосский.