Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер Мемлекеттік рәміздер күні сап түзеді

Маңғыстаулық полицейлер Мемлекеттік рәміздер күні сап түзеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күні ғимарат плацында салтанатты сап түзеп, ҚР Әнұранын орындаумен атап өтті.

Салтанатты нысанды киімде сап түзеген полицейлер жылдағы дәстүр бойынша бұл айтулы күннің таңын мемлекеттік гимнді шырқаудан бастады. Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев жеке құрамды мерекемен құттықтады.

– Тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Рәміздеріміз арқылы тыныштық пен түсіністік, ізгілік пен татулықтан асқан қымбат ұғым жоқ екенін жеткізіп келеміз. Сіздердің әрқайсыларыңыз мемлекетіміздің гүлденуі мен өркендеуі үшін бар күш-жігерлеріңізді аямайтындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Мереке күні жеті қызметкерге орта басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтары табыс етілді.

Мемлекеттік рәміздер – полиция қызметінде өткізілетін маңызы іс-шаралардың барлығында міндетті түрде төрден орын алады. Қазақстан халқына адал қызмет ететін погонды жандар бұл мерекені асыға күтеді. Бұл мерекені Отанын шексіз сүйетіндердің мерекесі деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру