СҚО полициясының бастығы ақсақалдармен кездесті
СҚО полициясының бастығы ақсақалдармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің және Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтің қатысуымен өткен кездесуде ішкі істер органдарының ардагерлері ұсыныстарын білдіріп, жоспарларымен бөлісті және тәлімгерлік қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді. Кездесуге полиция зейнеткерлерінен бөлек, Ұлттық ұланның, қылмыстық-атқару жүйесі, мамандандырылған күзет қызметінің ардагерлері қатысты.
Тергеу, қылмыстық іздестіру, мемлекеттік автоинспекция, кадр бөліністерінің ардагерлері – облыстық полицияда өткізілген кездесуге түрлі жылдары қылмыспен күресте алдыңғы шепте тұрған және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен тәжірибелі офицерлер жиналды. ПД және Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықовтың айтуынша, ардагерлер әлі күнге дейін шепте, мәселелерге бейжай қарамай, бұрын қызмет еткен ведомстволарының жетістітктеріне қуанып отырады екен.
Жиын басында Айдын Қабдұлдинов жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруда ақсақалдардың пікірлері аса маңызды екенін атап өтті. Олардың тәлімгерлік қызметі, әсіресе жас қызметкерлермен тәжірибе бөлісуде аса бағалы.
Кездесудің басым бөлігінде полицейлер кадр бөліністері мен учаскелік полиция инспекторлары жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндады. СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллиның айтуынша, қазіргі уақытта ішкі істер органдары және Ұлттық ұланның 20 бастауыш ардагерлер кеңесінде 2360 зейнеткер бар, оның 450-уі Ұлттық ұланның ардагері, қалғаны – полиция ардагерлері.
Бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысы жан-жақты, жауапты. Полиция департаментімен өзара іс-қимыл жасауда бұл жұмыс бір жолға қойылған және басшылықтың бақылауында. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың ақпаратынша, жұмыс жағдайы және учаскелік полиция инспекторларының жабдықталуы қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мамлют, Уәлиханов аудандарында және Петропавл қаласында өткен жылдан тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Ағымдағы жылы облыстың бірнеше ауданында тағы осындай төрт пунктті ашу жоспарланып отыр.
Пікір алмаса келе, ардагерлер тәлімгерлік қызметті жандандыруда көмектерін ұсынды. Ақсақалдардың барлық ұсыныстары мұқият тыңдалып, мәліметке алынды және талданып, жұмыста қолданатын болады.